Африкада тропикалық циклоннан көз жұмғандар саны 500-ге жетті

842

Сағатына 170 шақырымды құраған қатты дауыл алдымен Мозамбиктің Бейра қаласының астан-кестеңін шығарған еді. Артынша табиғи апат Зимбабве және Малави елдеріне өткен.

Африкада тропикалық циклоннан көз жұмғандар саны 500-ге жетті

Африканың шығысында ойран салған Идай тропикалық циклонынан көз жұмғандардың саны 446-ға жетті. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады, деп жазады 24.kz.

Еске сала кетейік, сағатына 170 шақырымды құраған қатты дауыл алдымен Мозамбиктің Бейра қаласының астан-кестеңін шығарған еді. Артынша табиғи апат Зимбабве және Малави елдеріне өткен.

Мозамбиктің қоршаған ортаны қорғау министрі Селсу Коррейяның хабарлауынша циклоннан 531 мың адам зардап шеккен. Сондай-ақ су тасқыны тырысқақ дертінің өршуіне жол ашып отыр. Апат орнында құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу