Лестер университетінің ғалымдары Кейптаун жағалауында (Оңтүстік Африка) адамның ең көне іздерін тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Олардың жасы 153 мың жыл. Зерттеу International Journal of Plant and Animal Traces журналында жарияланды.
"50 мың жылдан асқан ежелгі ата-бабаларымыз қалдырған іздерді анықтау өте сирек болып көрінетін. Осы себепті археологтардың бұл зерттеуі керемет жаңалық ", - деп атап өтті авторлар.
Ғалымдар Оңтүстік Африка мүйісі жағалауындағы жеті түрлі жерде іздерді зерттеді. Ол үшін археологтар люминесценция әдісін қолданды, яғни кварц дәндері үлгіден алынып, иондаушы сәулеленуге ұшырайды. Дәндердің жарқырауы олардың көмілгеннен бері қанша уақыт өткенін көрсетеді.