Африкалық пілдер жойылып кетуі мүмкін

1099

Африкалық пілдер жойылып кетуі мүмкін

Африкалық пілдер жер бетінен жойылып кетуі мүмкін. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция өкілдері осылай дабыл қағуда, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандардың айтуынша, жануарларды заңсыз аулау тиылар емес. 2006 жылы сүтқоректілерді аулау фактілері күрт өсіп, 2011 жылы саны 30 мыңға азайған. Браконьерлер пілдерді көбінесе бағалы азуы үшін өлтіреді. Бүгінде әлемнің 25-тен астам елінде бұл құқықбұзушылық ірі қылмысқа жатады. Бұған дейін ғалымдар болашақта ең ірі және ең ұсақ жануарлар жер бетінен мүлде құрып кетуі мүмкін екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу