Африканың әрбір екінші тұрғыны аштықтан зардап шегуде

3881

Осы күнге дейін бұл құрлықта әрбір төртінші адам азық-түлікке мұқтаж деп есептеліп келді.  

Африканың әрбір екінші тұрғыны аштықтан зардап шегуде

Нидерландтағы Вагенинген университеті әлеуметтанушыларының дерегіне сүйенсек, Африканың әрбір екінші тұрғыны аштықтың зардабын тартып отыр. Бұл ақпаратты Frontiers in Sustainable Food Systems басылымы жариялады. Осы күнге дейін бұл құрлықта әрбір төртінше адам азық-түлікке мұқтаж деп есептеліп келді.

Жуырда БҰҰ-ның сарапшылары Африканы дамыту бағдарламасын ұсынды. Оған сәйкес, 2030 жылға дейін ашаршылықты жою қарастырылған. 10 жыл бойы жүзеге асырылатын бағдарламаға ұйым 11 млрд доллар бөлген.

Айта кетейік, 2015 жылға дейін ашаршылыққа ұшыраған халықтың саны азая бастаған еді. Сондықтан БҰҰ осы бағдарламаны қабылдайтын болып шешті. Бірақ соңғы уақытта мұнай бағасының арзандауы, қуаңшылық пен халықаралық жанжалдардың өршуі Африкадағы онсыз да кедей аймақтардың жағдайын қиындатып жіберді.

Ресми дерек бойынша, әлем бойынша аштықтан зардап шегіп жүргендердің саны 820 млн. Оның 33% Африканың үлесіне тиесілі, яғни әр екінші тұрғын дұрыс тамақтанбайды.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу