Африканың оңтүстігінде тропикалық циклонның салдарынан 100-ден астам адам қайтыс болды

557

Фредди тропикалық циклоны Малави мен Мозамбикте 104 адамның өмірін қиды. 

Африканың оңтүстігінде тропикалық циклонның салдарынан 100-ден астам адам қайтыс болды Фото: repost.uz

Малавидің апаттарға қарсы күрес департаментінің хабарлауынша, дауылды жел мен қатты жаңбырдан туындаған су тасқыны мен көшкін салдарынан елде 99 адам қаза тапты, олардың 16-сы хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әсіресе Малавидің Блантайр округінде қаза тапқандардың қарасы көп - барлығы 85 адам қайтыс болды. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, зардап шеккендерге арналған 39 лагерь ұйымдастырылды.

Дауылдың қаһарына іліккен тағы бір ел - Мозамбикте бес адам қаза тапты, деп жазады Associated Press ақпарат агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап.

Фредди сенбі күні Малави мен Мозамбикке жетті. Бұған дейін Мадагаскар циклонның соққысына ұшырап, онда төрт адам қаза тапқаны туралы хабарланды. Сәрсенбіге қарай дауыл әлсіреп, Үнді мұхитына оралады деп күтілуде.

Ақпан айының басында Австралия жағалауында пайда болған Фредди бұған дейін тіркелген дауылдар арасында ең ұзаққа созылған табиғи құбылыс ретінде есте қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу