Африканың шығысындағы елдерде табиғат апатынан 150 шақты адам қаза тапты

1613

Құтқарушылар оқшауланған елдімекендерге жете алмай әлек. Әскери тікұшақтар қонатын жер таба алмай жатыр. 

Африканың шығысындағы елдерде табиғат апатынан 150 шақты адам қаза тапты

Африканың шығысындағы елдер Идай тропикалық циклонынан есеңгіреп қалды. "Нью Йорк Пост" газетінің хабарлауынша, табиғат апатынан шамамен 150 адам қаза тапты. Із түзсіз жоғалғандардың қатары да 150-ге жуықтаған, деп хабарлайды 24.kz.

Долы дауылдан ең көп зардап шеккен Мозамбик, Зимбабве мен Малави елдері болды. Бұл елдерде тұрғын үйлердің тас-талқаны шығып, электр желілері үзілген. Аймақтағы жолдарды су шайып кетті.

Құтқарушылар оқшауланған елдімекендерге жете алмай әлек. Әскери тікұшақтар қонатын жер таба алмай жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса, циклоннан зардап шеккендерге гуманитарлық апат қаупі төніп тұр деп дабыл қақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу