Африканың тағы бір елінде төңкеріс: Габонда әскерилер билікті басып алды

693

Әскерилер қазіргі президент Али Бонго жеңіске жеткен сайлау нәтижелерінің күші жойылғанын хабарлады.  

Африканың тағы бір елінде төңкеріс: Габонда әскерилер билікті басып алды Фото: Comments.UA

Габондағы жоғары шенді офицерлер тобы елдегі билікті басып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

Бұл Орталық Африка мемлекетінде өткен президенттік сайлауда Али Бонгоның жеңіске жеткені туралы ресми мәлімдемеден кейін орын алды.

Әскерилер Габон 24 телеарнасынан елдің барлық қауіпсіздік және қорғаныс күштерінің өкілдері екенін айтты.

Олардың айтуынша, сайлау нәтижелері жойылды, барлық шекаралар келесі ескертуге дейін жабылды, ал мемлекеттік органдар таратылды. Ел үкіметі бұл мәлімдемеге әлі жауап берген жоқ.

Елдің қазіргі президенті Али Бонгоның қайда екені де белгісіз.

Бонго отбасы кедей елді 56 жылдан бері басқарып келеді. Президенттің қарсыластары мұнай дың ақшасын халыққа емес, (2,3 миллион адам) оны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын алға тартады.

Айта кетейік, Габондағы төңкеріс 2020 жылдан бері Батыс және Орталық Африкадағы сегізінші төңкеріс болмақ. 

Осы жылдың шілде айында Нигерде әскерилер билікке келді, бұған дейін бұл Малиде, Гвинеяда, Буркина-Фасода және Чадта болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу