Африн аймағындағы қақтығыста 25 сарбаз оққа ұшты

798

Африн аймағындағы қақтығыста 25 сарбаз оққа ұшты

Африн аймағындағы күрд жасақтары түрік күштерімен тізе қосып соғысып жатқан "Сирия еркін әскері" топтарымен қақтығысқа түсіп, Хадж-Биляль мекенін қайтарып алды. Күрдтердің шабуылынан 25 сарбаз оққа ұшып, түріктің 1 танкі жойылған. Түрік әскерилері болса тікұшақпен Хелиль және Дейр-Баллут округін шабуылдап, соққы берді, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы күрдтердің "Халықтық өзін-өзі қорғау күштері" оларға қарсы операция басталғалы 670-ке жуық түрік және сириялық сарбазды мерт еткенін хабарлайды. Түркия бас штабы болса тек 30 сарбазынан айырылғанын, ал күрдтердің 1 мыңнан астам жауынгерінің көзін жойғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, қаңтар айында Түркия Африн провинциясында АҚШ-тың "шекара қауіпсіздігін күзету" үшін құрған күрд жасақтарына қарсы әскери операция бастаған. Өйткені Анкара бұл күштерді "Күрдістан жұмысшы партиясымен" байланыстағы лаңкестік жасақтар деп біледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу