Афроамерикалық өлтірілген қалада ТЖ режимі жарияланды

943

Режим 72 сағатқа созылады.

Афроамерикалық өлтірілген қалада ТЖ режимі жарияланды

Миннеаполис қаласының мэрі (Миннесота штаты) Джейкоб Фрей осындай шешім қабылдады. Бұған полицияның қолына түскен Джордж Флойд есімді афроамерикалықтың өлімінен кейінгі ереуілдер түрткі. Құжат бойынша қаланың төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы көршілес қалалар мен федералды биліктен көмек сұрай алады.

Жергілікті полицейлердің Флойдты тұтқындап жатқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, артынан оның қайтыс болғаны белгілі болған соң Миннеаполис пен басқа да қалаларды жаппай ереуілдер шарпыды. Бейнежазбада оны жерге жатқызып, қолына кісен салғаннан кейін офицерлердің бірі оның мойынын аяғымен 7 минуттай басып тұрғаны анық көрінеді. Дауысы қарлыққан афроамерикалық өзінің дем ала алмай жатқанын айтады, бірақ оған полицейлер құлақ аспаған. Видеоны түсіріп тұрғандар да олардан ондай қатыгездік танытпауын сұрайды. 7 минут өткен соң Флойд есінен танып қалады. Оны ауруханаға жеткізгенімен, өкінішке қарай, жансақтау бөлімінде қайтыс болады.

Полицейлер оны дүкенде жалған чекпен есеп айырысқаны үшін тұтқындамақ болған. 25 мамырда болған осы оқиғадан кейін келесі күні төрт құқық қорғаушы жұмыстан шығарылды.

Қазір афроамерикалықтың өлімін тергеумен Федералды тергеу бюросы да айналысып жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: wsbtv.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу