Құтқарылған қыз баланы төтеншеліктер дереу дәрігерге тапсырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
15 жастағы жасөспірім қыз Жайық өзенінің көпірінен өзі секіріп кеткен. Айналадағы тұрғындар бірден 112 нөміріне хабар берген. Құтқарушылар қызды небәрі 4 минуттың ішінде құтқарған. Бұл сәттің видеосын Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми арнасы жариялады.
Бейнежазбадан жасөспірім қыздың "Аға, ауырды!" деген сөзін анық естіледі. Сол уақытта құтқарушы оны жұбатып, бәрі жақсы болатынына сендірген.
Ресми деректе хабар түсе сала құтқарушылардың 4 шақырым жерді жүзіп өтіп, оқиға орнына 4 минутта жеткені айтылады.
– Құтқарушылар көпірден шамамен 800 метр қашықтыққа ағыс алып кеткен қызды көрген. Құтқарушылардың бірі суға секіріп, оны ұстап тұрды, ал әріптестері құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де қайыққа алып шыққан. 2011 жылы туған қызды құтқарушылар дәрігерге тапсырды, – деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметі.