"Аға, құтқар, мені өлтіреді": Өскеменде жоғалған жігіт әлі табылмай жатыр

293

Құтқарушылар бір ғана қайықпен іздеп жатыр.

"Аға, құтқар, мені өлтіреді": Өскеменде жоғалған жігіт әлі табылмай жатыр Фото: Біздің Өскемен парақшасынан

Өскемендік тұрғын бір аптадан бері суға секіріп кеткен інісін іздеп жүр. Құтқарушылар “Ертіс өзеніне секіріп кетті” деп хабарланған 22 жастағы Жандос Баяновты іздеуді жалғастырып  жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Жандос Баяновтың ағасы Айбол Баянов іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтқан. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы “іздеуді қатты ағыс пен су айдынының ұзындығы қиындатып жатыр” дейді.

– Құтқарушылар бір ғана қайықпен іздеп жатыр. Арасында өзім де олармен бірге өзен бетіне шықтым. Мәшинемен де Ертіс өзенінің жағалауын күнде қарап жүрмін. Бірақ таба алмадық, — деді Айбол Баянов.

Ағасының сөзінше, Жандос Баянов суға 15 мамырдан 16 мамырға ауған түні сағат 00.45 шамасында секірген. Құтқарушылар іздеуге бірден көшпген көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу