Ағайынды балалар адам өмірін сақтап қалды

553

Суға батып кеткен баланы дереу тауып, алғашқы көмек көрсеткен.

Ағайынды балалар адам өмірін сақтап қалды

Шымкенттегі Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рахымов атындағы "Жас ұлан" мектебінің тәрбиеленушісі демалыс кезінде Түркістан облысында суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірер күн бұрын Әділет Жақсылық ағасы Нұрғисамен бірге үй шаруасымен айналысып жүріп, кенеттен жақын жердегі өзен жақтан балалардың айқайлағанын естіген.

Көмекке жеткен бұларға жағалауда тұрған бала суға батып кеткен досын көрсетеді. Ағайындылар ойланбастан өзенге сүңгіп, баланы іздей бастады. Бір кезде Әділет аяғының жұмсақ нәрсеге тигенін сезіп, ауа жұтып, қайта суға сүңгиді.

Осылайша, ес-түссіз жатқан баланы алып шыққан.

Әділет жүрекке массаж жасап, жасанды тыныс берген. Ал осы уақытта ағасы Нұрғиса жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер жеткенше келгенге дейін ағайындылар баланың жағдайын бақылап, өкпеге кезекпен жасанды дем беріп отырған.

Бала аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, сондай-ақ ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Әділет Жақсылықтың батыл және сенімді іс-әрекетінің арқасында бала 31 шілде күні бір ажалдан аман қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу