Ағайынды екі бала суға батып кетті

1594

Қайғылы жағдай отбасылық демалыс кезінде болған.

Ағайынды екі бала суға батып кетті

Павлодар облысындағы Ертіс өзеніне ағайынды екі бала батып кеткен.

Қайғылы жағдай отбасылық демалыс кезінде болған. 2004 және 2008 жылғы ағайынды балалар суға түсуге тыйым салған жерде жүзіп жүрген, деп хабарлайды Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі.

"Балалар өзенге ата-аналарымен барған. Балалардың кішісі суға бата бастағанда, үлкені көмектеспек болып, ол батып кеткен", - деп жазылған хабараламада.

Полиция ақпары бойынша, отбасымен бірге тустары да демалып жатқан.

"Ата-аналары тамақ әзірлеп жүргенде, балалар суға кетіп қалған. Екі баланың денесі әлі табылған жоқ", - деді облыс ПД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар мен полицейлер іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жергілікті еріктілер мен қала тұрғындары да көмектесуде.

Еріктілер қайықпен Ертіс өзенінің жағасы мен айдынын қарап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу