Ағайынды жігіттер гір тасын көтеруден әлем чемпионатының "алтын" мен "күмісін" иеленді

540

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында 16 және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында гір тасын көтеруден әлем чемпионаты өтуде.

Ағайынды жігіттер гір тасын көтеруден әлем чемпионатының "алтын" мен "күмісін" иеленді

Әлем біріншілігіне сегіз мемлекет қатысуда: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан және Моңғолия. 200-ден астам спортшы өз салмақ дәрежелеріндегі мықтыларды анықтауға жиналған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме беріп.

73 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатында еліміздің атынан спорт шеберіне үміткер, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы Захар Коваленко сынға түсті. Ол 24 келі гір тасын 10 минуттың ішінде 222 рет көтеріп, сайыста алтыннан алқа тақты.

68 келіге дейінгі салмақта спорт шеберіне үміткер, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы Назар Коваленко өнер көрсетті. Ол гір тасын 184 рет көтеріп, күміс жүлдені қанжығалады.

Атап өту керек, ағайынды жігіттер ІІМ-нің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу