Ағаш қабырғалар шығаратын цех ашылды

1346

 Ағаш қабырғалар шығаратын цех ашылды

Кәсіпкерлерге қолдау зор. Биыл тек Алматы облысы, Панфилов ауданындағы кәсіпкерлерді қолдауға 338 млн теңге бөлінген. Сол қаржылық көмекті ұтымды пайдаланғандардың бірі - Болат Кенжебек. Қазір үй құрылысына қажетті ағаш қабырғалар шығарып жатыр. Ауданда құрылыс қызу, сондықтан да болар, ісі бірден ілгерілеп, цехы табыс әкеле бастады. Болат Кенжебек бұрын-соңды мал бағып, жүгері өсіріп келген. Шаруаны кәсіпкерге айналдырған "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы. "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы 3 млн теңге несие алып, аз уақытта тез әрі тиімді игерді. Айтуынша, ағаш каркастар үй салуға қолайлы. Жеңіл, әрі экологиялық таза. Дайын іргетас болса, 1 үйді жабылып, 1 күнде-ақ құрап тастауға болады.

Болат Кенжебек, кәсіпкер:

"Осы 2 айдың ішінде 25 үй дайындадық. Енді келешекте осы цехты дамытамыз. Станоктар алынады. Мебельный цехке көшеміз. Есік, терезе шығарамыз. Полный комплектация болады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу