Ағаш кескені үшін әкімдік қызметкері жұмысынан қуылды

708

Ағаш кескені үшін әкімдік қызметкері жұмысынан қуылды

Алматыда автотұрақ үшін 7 ағаш кескен әкімдік қызметкері жұмысынан қуылды, деп хабарлайды inform.kz.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Желтоқсан және Жібек жолы көшелерінде автотұраққа орын дайындау үшін 7 ағаштың кесілуіне қатысты тиісті тексеру жұмысы жүргізілген.

"Ағаш кесуге рұқсат қағазы еш негізсіз берілгені анықталды. Сол себепті Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Және Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы, Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полициясы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оларға сөгіс жарияланды", – дейді әкімдік мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу