Ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсыруға келген

557

2022 жылы өткен ұлттық бірыңғай тестілеуде Алматы облысының тұрғыны інісінің орнына тест тапсырмақ болған. Бұлай деп ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Ағасы інісінің орнына ҰБТ тапсыруға келген

"Биыл тек қана 1 жағдай анықталды. Ағасы інісінің орнына тест тапсырмақшы болды. Талапкердің орнына келген азамат тестілеу залына кіре алмады. Кіре берістегі биометриялық сәйкестендіру жүйесінен анықтадық. Бұл факт анықталып, құзыретті органдарға жіберілді", – деп айтты Руслан Емелбаев.  

Ұлттық тестілеу орталығының директорының айтуынша, 2021 жылы талапкердің орнына бөгде адамның тест тапсыруға келуі бойынша 18 факт анықталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу