Көршісінің әжетханасынан өлі табылған 3 жастағы Асылымның мәйіті 20 мамырда жер қойнына тапсырылды. Бүлдіршіннің әкесі көршісіне еш реніші жоқтығын, баласының ойнап жүріп оқыс жағдайға тап болғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен бүлдіршіннің денесі көршісінің әжетханасынан табылған болатын. Асылымның әкесі мен көршісі қайғылы жағдай пікір білдірді
"Мұны өзіміз де білген жоқпыз. 16 мамырда ағасы үйге іздеп келді. Жарты сағаттан кейін далаға шығып, әлі табылмапты. Содан күні-түні ұйықтамай, үш күн қарадық. Бармаған жеріміз қалмады. Ақырында біздің үйдің әжетханасынан шықты. Болғаны сол", – дейді көршісі.
Әкесі көршісіне ешқандай реніші, қызының ойнап жүріп, түсіп кеткенін айтты.
Айта кетейік, үш жасар Асылым 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында жоғалып кеткен. Таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында қақпаның жанында ойнап жүріп, артынша із-түзсіз жоғалып кеткен.