Агенттік адал кәсіпкерлерді қорғамақ

681

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бизнесті заңсыз араласудан қорғау үшін қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Агенттік адал кәсіпкерлерді қорғамақ

"Агенттік бизнестің мүдделерін қозғайтын кез келген тергеу әрекеттерін қосымша келісуді көздейтін алгоритм әзірледі. Негізсіз ұстауларға, тінтулерге, негізсіз ақпарат алуға жол бермеу үшін қызметкерлердің іс-әрекеттеріне бақылау қатаңдатылады", - деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ ведомство қызметкерлері мен "Атамекен" ҰКП өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылатынын атап өтті.

"Топтың негізгі міндеті – ақпаратты жедел алу және бизнестің шағымдары бойынша мәселелерді алқалы түрде қарау. Топ тексеру бойынша шағымдарды және кәсіпкерлерге қатысты басқа мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы өтініштерді қарайды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл шаралар Мемлекет басшысының бизнесмендермен кездесуінде айтылған тапсырмаларын орындау үшін қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу