Агенттік барлық мамандандырылған ХҚКО-ны тексереді

866

Екі өңірде 1 мыңнан аса жүргізуші куәлігін заңсыз беру дерегі тексеріліп жатыр.

Агенттік барлық мамандандырылған ХҚКО-ны тексереді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елдегі барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын тексереді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Агенттік Қостанай және Ақмола облыстарының мамандандырылған ХҚКО-да жол қозғалысы ережелерін білуге теориялық емтихандарды тапсырмай өткені туралы бланкілерді берген қызметкерлерді анықтаған. Жүргізуші куәлігін алғандардың орнына басқа адамдар емтиханды сәтті тапсырып отырған. Мысалы, Ақмола облысында бұл үшін емтихан тапсыратын компьютерлер қашықтан басқарылған.

"Қостанай облысында медициналық маска тағып, қалпақ киген адамдар емтихан сыныбына кіріп, басқа адамдарның орнына тест тапсырған. Бүгінде 1 000-нан аса жүргізуші куәлігін заңсыз беру дерегі тексеріліп жатыр, әрі жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық емтиханды сәтті тапсырғаны туралы жалған анықтамалар алынды. Мұндай қылмыс тұрғындардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне тікелей қауіп төндіреді", – деп жазылған хабарламада.

Анықталған ауқымды заңбұзушылықтарға байланысты агенттік барлық мамандандырылған ХҚКО-да тексеру жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу