Агенттік ұсынысы: Байланыс операторларына тариф шарттарын өзгертуге тыйым салынуы мүмкін

400

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс қызметтерін көрсету қағидасына азаматтардың құқығын қорғау мақсатында өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жолдады.  

Агенттік ұсынысы: Байланыс операторларына тариф шарттарын өзгертуге тыйым салынуы мүмкін Фото: stan.kz

Агенттіктің ұсынысын қазір Цифрлық даму министрлігі қарастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған себеп Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі  (БҚДА) ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарға енгізілген қызметтер көлемін біржақты өзгертуіне қатысты азаматтардан түскен өтініштер түрткі болған.

"Материалдарды талдағаннан кейін ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарға енгізілген қызметтер көлеміне абоненттер сұранысына ие болмайтын шамалы өзгертулер енгізетіні анықталды. Бұл ретте тарифтік жоспардың құны көтеріледі", - делінген ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында.

Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі байланыс саласындағы уәкілетті органға белгілі бір ұсыныстар әзірледі.

Атап айтқанда, ұсыныс - ақылға қонымды шығындарға байланысты оның құнын көтеруді қоспағанда, ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспар шарттарын өзгертуге тыйым салуды белгілеу.

"Ұсыныстар оператормен шарт жасасу кезінде олар келісілген тарифтік жоспарлардың шарттарын пайдалануға құқылы тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында әзірленді. Өз кезегінде тарифтік жоспарының шарттарымен қанағаттанбаған адам қолайлы шарттары бар басқа тарифтік жоспарға ауысуға құқылы"", - делінген БҚДА хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу