Аграрлық ғылымды дамытуға 50 млрд теңге бөлінді

532

Бұл сомаға 10 басым бағыт бойынша  36 ғылыми-техникалық бағдарлама әзірлеу жоспарлануда. 

Аграрлық ғылымды дамытуға 50 млрд теңге бөлінді

Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров аграрлық ғылымның жай-күйіне тоқталды. Оның сөзінше ауыл шаруашылығының дамуы тікелей осы салаға байланысты. Сондықтан алдағы үш жылға қомақты қаржы бөлінген. 

"Бүгінгі таңда әлемде көптеген қожалықтар білімнің жетіспегендігінен күйреп жатыр. Бұл оқып, білімді дамыту мүмкіндігінің жоқтығына да, жалпы аграрлық ғылымның дамуына да қатысты. Осы мақсатта Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы еншілес ұйымдарының құрылымы өзгерді. Қазір орталықты халықаралық талаптарға сәйкестендіру, бизнестің қажеттіліктеріне бағдарлау жұмыстары жүргізілуде. Ғылыми-зерттеу институттарының тәжірибелік стансалардың базасында 22 білім беру орталығы құрылды. Аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемінің жеткілікті болуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, биылғы жылы үкімет жанындағы жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия алдағы 3 жылға 50,4 млрд теңгені мақұлдады. Бұл алдыңғы үш кезеңмен салыстырғанда 2,3 есе көп", – деді Сапархан  Омаров.

Бұл қаражатқа 10 басым бағыты бойынша  36 ғылыми-техникалық бағдарлама әзірлеу жоспарланған. Бұған қоса, елімізде екі аграрлық жоғарғы оқу орны зерттеу университеттері мәртебесіне ие болды. Олар Қазақ Ұлттық аграрлық университеті мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу