Аграрлық мамандықтарға ауыл квотасы ұлғайтыла ма?

1001

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жауап берді.

Аграрлық мамандықтарға ауыл квотасы ұлғайтыла ма?

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен және Білім және ғылым министрлігі аграрлық мамандықтар бойынша оқуға түсуге қабылдау квотасының мөлшерін ұлғайту мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында осындай мәлімет келтірген.

"Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алу гранттарын бөлуде ауылдық квоталар үлесін арттыру "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысы арқылы реттеледі. Бұл ретте біздің министрлік пен ҚР БҒМ аталған қаулыға аграрлық мамандықтар бойынша оқуға түсуге қабылдау квотасының мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгеріс енгізуді пысықтауда", - дейді Сапархан Омаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу