"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның Басқарма төрағасы ауысты

1408

Директорлар кеңесінің шешімімен Мұрат Дәрібаевтің орнына басқарма төрағасы болып Құлтаев Бағлан Құлибайұлы сайланған.

 "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның Басқарма төрағасы ауысты

Мұрат Дәрібаев өз еркімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның Директорлар кеңесі құрамынан шықты. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына хабарлады.

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқармасының құрамына енгізілген өзгертулерді ескере отырып, құрамы төрт адамнан тұрады: Жумашов Д.Б., Тасжуреков Е.К., Даулетбаева А.А., Нұргожин Ә.Е.",– делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, Директорлар кеңесінің шешімімен Мұрат Дәрібаевтің орнына басқарма төрағасы болып Құлтаев Бағлан Құлибайұлы сайланған. Бұған дейін ол корпорацияның басқарушы директоры-басқарма мүшесі қызметін атқарды, кредит беру, филиалдар қызметі, техникалық сараптама және Агробизнесті қолдау орталығы мәселелеріне жетекшілік етті.

Бағлан Құлтаев 42 жаста, білімі жоғары. 10 жылдан астам орталық және өңірлік деңгейдегі қаржы секторында түрлі лауазымдарда жұмыс жасады. Сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдарда жұмыс жасау тәжірибесі бар.

Директорлар кеңесінің шешімімен Мұрат Дәрібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу