"Аграрлық несие корпорациясы" филиалының директоры сотталды

204

Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

"Аграрлық несие корпорациясы" филиалының директоры сотталды Фото: canva.com

Петропавл қалалық соты "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директорына қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден арнайы техника сатып алу және айналым қаражатын толықтыруға несие қарыздарын жеделдетіп бергені үшін, 100 және 500 мың теңге мөлшерінде бірнеше мәрте пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу