Аграрлық несие корпорациясына көктемгі дала жұмыстарын 140 млрд теңге бөлінеді

Республикалық бюджеттен қарастырылған алғашқы транш - 70 млрд теңге корпорацияның шотына түсті.  

Аграрлық несие корпорациясына көктемгі дала жұмыстарын 140 млрд теңге бөлінеді Фото: agri-news.kz

Аграрлық несие корпорациясы "Кең дала" бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыруды жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл бұл мақсатқа 140 млрд теңге жұмсалады. Республикалық бюджеттен бөлінген алғашқы транш - 70 миллиард теңге корпорацияның шотына түсті.

Шаруалар жеңілдетілген несие қаражатын аймақтардағы кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары арқылы алады.  

"Кең дала" бағдарламасы бойынша берілетін несиенің мерзімі - келесі жылдың 1 наурызына дейін. Несие қаражаты қаржы ұйымдарына 1,5% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен және 1,5%-дан басталатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Ал қаржы ұйымдары шаруашылықтарға несиені жылдық 5% -ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен рәсімдейді", – деп хабарлады АНК.

Айта кетейік, бағдарлама шартында былтыр енгізілген жаңашылдықтар сақталды: егер бұрын несиелеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектелген болса, енді келесі жылдың көктеміне дейін ұзартылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу