"Аграрлық несие корпорациясының" тәуелсіз директорлары сайланды

590

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Жалғыз акционері – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасының 2022 жылғы 20 шілдедегі № 30/22 шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ тәуелсіз директорлары сайланды.

"Аграрлық несие корпорациясының" тәуелсіз директорлары сайланды

Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін корпорацияның директорлар кеңесінің мүшелері тәуелсіз директорлар ретінде Біртанов Есжан Амантайұлы мен Төлешов Яхия Жаңабайұлы сайланды.

Осылайша, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамына: Директорлар кеңесінің төрағасы Н.С.Айдапкелов; тәуелсіз директорлар Е.А.Біртанов, С.Н.Мәдиев, Я.Ж.Төлешов; Директорлар кеңесінің мүшесі – "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Әшірбеков А.Б., Директорлар кеңесінің мүшелері – Жалғыз акционердің өкілдері Н.Ж.Көшкімбаев, В.В.Сон кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу