"Аграрлық несие корпорациясының" жеке еншілес ұйым мәртебесі сақталады

767

Ол өзінің жарғылық қызметін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ функционалының бір бөлігімен толықтырады.

"Аграрлық несие корпорациясының" жеке еншілес ұйым мәртебесі сақталады

Премьер-министр Асқар Мамин Мәжіліс өкілдері Елнұр Бейсенбаев, Юрий Жулин пен Ерлан Саировтың "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына" қатысты депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жауаптан ұққанымыз, бұған дейін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына" тиесілі функционалдық міндеттердің басым бөлігі енді "Аграрлық несие корпорациясына" жүктелмек. "ҚазАгро" мен "Бәйтерек" холдингін біріктіру шарасынан кейін, осындай шара қабылданыпты.

"Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен "Қазагро" ҰБХ" АҚ-ны біріктіруді тапсырды. Агроөнеркәсіптік кешеннің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып және бір ұйым шеңберінде жинақталған салалық жұмыс тәжірибесін сақтау мақсатында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрамындағы жеке еншілес ұйым мәртебесін сақтап қалу керек деген шешім қабылданды. Ол өзінің жарғылық қызметін "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ функционалының бір бөлігімен толықтырады. Сондай-ақ микрокредиттеумен "Атамекен" ҰКП мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен құрылатын микроқаржылық ұйымдар қосымша айналысады", - деп жазған премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу