Аграрлық секторда жалақы елдегі орташа деңгейден 40%-ға төмен

1016

Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек ететіндердің сатып алу қабілеті бір жылда небәрі 4%-ға өсті, ал бүкіл Қазақстан бойынша – 9%-ға жуық артты.

Аграрлық секторда жалақы елдегі орташа деңгейден 40%-ға төмен

2021 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда орташа айлық жалақы 275,6 мың теңгені құрады. Бұл ретте ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында тіркелген: 167,3 мың теңге – республикалық орташа деңгейден 39,3%-ға аз, деп жазды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында еңбек ететіндердің сатып алу қабілетінің өсімі 2020 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда елдегі орташа көрсеткіштен екі есеге аз: тиісінше 4,2% немесе 8,7%.

Агроөнеркәсіптік кешен құрылымында орташа айлық жалақы салаға қарай айтарлықтай өзгеше. Ең жоғары жалақы орман шаруашылығы және ағаш кесу саласында байқалады: 212,5 мың теңге. Одан кейінгі орында егін және мал шаруашылығы – бар болғаны 166,2 мың теңге, ал балық және аквамәдениет шаруашылық саласында одан да төмен, небәрі 98,6 мың теңге.

Қазақстан Республикасының өңірлері арасында ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы еңбекақы Маңғыстау облысында 42,5 мың теңгеден Нұр-Сұлтан қаласында 307,6 мың теңгеге дейін ауытқиды.

Сонымен қатар, 2021 жылдың төртінші тоқсанында ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы жұмыс істейтіндердің саны 68,9 мың адамды құрады.
Оның ішінде 66,1 мың адам өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы секторында еңбек етеді. 2,3 мың адам – орман және ағаш кесу саласында, 500-ге жуық адам – балық шаруашылығы саласында.

Жалпы, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда саладағы орташа айлық жалақы 150 мың теңгені құрады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу