Аграрлық секторға қолдау: бордақылау алаңдарына 5%-бен несие беріледі

355

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық несие корпорациясымен және ҚР Үкіметінің қолдауымен бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аграрлық секторға қолдау: бордақылау алаңдарына 5%-бен несие беріледі Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

2025 жылға қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 50 млрд. теңгені құрайды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие беру арқылы ірі қара және ұсақ мал бордақылау алаңдарын қолдау.

Қаржыландыру шарттары:

Қарыз мерзімі – 12 айға дейін;

Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%.

Бағдарламаға негізгі бағыты ретінде ірі қара/ұсақ мал бордақылау болып табылатын, тиісті өндірістік инфрақұрылымы бар кәсіпорындар қатыса алады.

Жобаларға қойылатын талаптардың бірі – бордақыланған малдың кемінде 50%-ын отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу.

Айта кетейік, 2025 жылғы 28 шілдеде Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бордақылау алаңдарына жеңілдетілген несие беру бойынша жаңа бағдарламаны таныстырды.

Кеңес алу және қаржыландыруға өтінім беру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның жақын жердегі өңірлік филиалына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан немесе 5353 call-орталығы нөмірі арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу