Аграршыларға 1 мыңнан аса уыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді

941

Аграршыларға 1 мыңнан аса уыл шаруашылығы техникасы лизингке берілді

Жылдың басынан бастап республикада көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін "ҚазАгроҚаржы" АҚ аграршыларға 13,6 млрд теңге сомасына 1000 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникасын лизингке табыс етті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда "ҚазАгро" ұлттық холдингі құрылымындағы компаниямен 7,2 млрд теңге сомасына 397 өтінім мақұлданған. Бұдан басқа 6,2 млрд теңге сомасына 303 өтінім қаралу үстінде.

 "Сенімді фермер" және "Өз жем-шөбіміз" деп аталатын жаңа қаржыландыру бағдарламалары арқылы тек қана соңғы айдың ішінде 232,7 млн теңгеге өтінім келіп түскен. Қазіргі уақытта "Сенімді фермер" бағдарламасы бойынша "ҚазАгроҚаржы" АҚ фермерлерге жиынтық құны 105,8 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке табыс етті, ал "Өз жем-шөбіміз" бағдарламасы бойынша отандық аграршылар 84,4 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын ендігі лизингке алып та қойған. Өтінімдер әлі де болса қабылдануда.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес компаниясы – "ҚазАгроҚаржы" АҚ азық-түлік желісін кеңейтіп, "Сенімді фермер" және "Өз жем-шөбіміз" деп аталатын арнайы жаңа бағдарламаларын іске қосты, сонымен қатар стандартты қаржы лизингі талаптарына өзгертулер енгізді. "Сенімді фермер" бағдарламасы ауыл шаруашылығы техникасын лизингке аванстық төлем төлемей алу мүмкіндігін береді. Бұл бағдарламаны "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның қолданыстағы клиенттерімен қатар, бұрын қаржыландырылған клиенттері де пайдалана алады. Клиенттерге қойылатын жалғыз ғана талап – бұл адал ниетті қарыз алушы өлшемшарттарына сәйкес келу.

 "Өз жем-шөбіміз" бағдарламасы шеңберінде қазақстандық фермерлер қажетті ауыл шаруашылығы техникасын 10 жылға дейінгі мерзіммен, мөлшері 10 % құрайтын төмендетілген аванстық төлеммен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Тұтас алғанда, бүгінгі таңда көктемгі-дала және егін жинау жұмыстарын қолдау шеңберінде "ҚазАгро" ұлттық холдингінің желісі бойынша Аграрлық несие корпорациясы арқылы несиелендіруге 60,0 млрд теңгеден артық сомаға 2 072 АШТӨ-ден өтінім келіп түсті. Осы уақытқа оның 50,4 млрд теңгесі игерілген. "ҚазАгро" құрылымындағы тағы да бір компания – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ "Егінжай" бағдарламасы бойынша 285,5 млн теңге сомасына 69 АШТӨ қаржыландырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу