"Нөмірді қайтар": Талғарда әйел жүргізуші тәртіп сақшысына қысым жасап, балағат сөздер айтқан

611

Учаскені патрульдеу кезінде полиция инспекторы көлік тұрағы талаптарын бұзған автокөлікті байқады. 

"Нөмірді қайтар": Талғарда әйел жүргізуші тәртіп сақшысына қысым жасап, балағат сөздер айтқан Фото: бейнеден скриншот

Талғар ауданында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні жауапкершілікке тарқан кезде, Toyota Camry көлігінің иесі өзін "полиция озбырлығының" құрбаны ретінде көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Иесін таппаған тәртіп сақшысы көліктің мемлекеттік нөмірін тәркіледі.

Басқа құқық бұзушыға хаттаманы толтыру кезінде, Toyota Camry иесі келді. Автоледи жазадан құтылуға тырысып, полиция қызметкеріне қысым көрсетіп, оны қорлап, балағат сөздер айтты.

Көлік иесіне хаттама рәсімдегеннен кейін тәртіп сақшысы оған мемлекеттік нөмірін  қайтарып берді. Алайда, автоледи жазадан қашу мақсатында видео түсіре бастап, өзін "полиция озбырлығының" құрбаны ретінде көрсетті.

Көліктің иесі жол қозғалысы ережелерін бұзудан басқа, билік өкілін қорлағаны үшін жауапқа тартылады.

Қазіргі уақытта жиналған іс-құжаттар түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу