Агрессорларды отбасынан оқшаулау үшін уақытылы шаралар қабылдау қажет – депутат

475

Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.  

Агрессорларды отбасынан оқшаулау үшін уақытылы шаралар қабылдау қажет – депутат Фото: Азаттық

Агрессорларды отбасынан оқшаулау үшін дер кезінде шаралар қабылдау қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Отбасылық-тұрмыстық жанжалдың "шешілмеуінің" тағы бір жағы бар. Бұл "ұят" деп аталатын ұғым – яғни "қоғамның алдында кір зығыр жууға болмайды" деген пікір. Әйел отбасында жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын айтудан қорқады. Балалар аналарымен бірге ұрып-соғуға, зорлық-зомбылыққа ұшырайды, оған шыдайды, ал еркек агрессорлар арсыз және жазасыз мас күйінде әділет орындарынан да, мемлекеттік органдардан да қорықпайды. Соның салдарынан әйелдің күйеуінің қолынан қаза тапқаны немесе балта алып, күйеуін өзі өлтіргені туралы ақпарат құралдарынан оқып, көріп жүрміз", - деді ол Мәжілістің комитет отырысында. 

Халық қалаулысының сөзінше, агрессорларды отбасынан оқшаулау үшін дер кезінде шаралар қабылдау қажет. Олармен психологтар, қажет болған жағдайда психотерапевт және әлеуметтік қызметкер жұмыс істеуі қажет, деп жалғастырды депутат.

Айта кету керек, осыған дейін елдегі "отбасылық агрессорлардың" дені жұмыссыз екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу