Биыл агро секторда бірқатар субдиялау бағдарламасы өзгертілді. Нәтижесінде, 25 млрд теңге үнемделген. Енді бұл қаржы өзге қажетті сегментке бөлінуі тиіс.
Бүгін Үкімет үйінде өткен арнайы брифингте Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов осындай мәлімдеме жасады. Оған сәйкес, жалпы субсидиялауда 65 бағдарлама болса, соның 45-і жаңа талаппен жұмыс істеуге көшкен. Ал біреуі тіптен жоспардан алынып тасталыпты. Әзірге тек 14 бағдарлама бұрыңғы талаптарын сақтап отыр. Өзгертуге экспорттау, кооперациялау, бордақылау, құс шаруашылығын жетілдіру және бидай тұқымының сапасын арттыру сынды бағыттар алынған. Вице-министр мұның барлығы жеке қожалықтар қызметін жетілдіру үшін қажет болғанын айтады.
Дегенмен, 2017 жылы субсидиялау 3 есеге артқан. 2016 жылы 175 шаруақожалығы 5 пайызбен несие алса, қазір бұл сан 522-ге жетіпті. Енді экспортты еселеу мәселесі тұр.