"АгромашХолдинг KZ" АҚ LOVOL тракторларын шығаруға кірісті, 2019 жылы аталған марканың 100-ден астам техникасын шығару жоспарлануда, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"Бүгінде өнім желісі LOVOL-354, 604, 904, 1304 үлгілерінен тұрады. Техника өндірісі 2019 жылдың ақпан айында Қостанай кәсіпорын алаңында басталды. Өндірістік желінің қуаты – жылына 3 мың трактор", – делінген компания хабарламасында.
Биыл кәсіпорын 100-ден астам трактор шығаруды жоспарлап отыр. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сатылымдар наурыз айында басталуы мүмкін.
"Агромашхолдинг KZ" АҚ ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруші, Қазақстандағы "Гомсельмаш" ААҚ (Белорусь) дистрибьюторы. Астық жинау комбайндарын шығару бойынша "Агромашхолдинг KZ"-ның өндірістік қуаты жылына 1000 комбайнды құрайды.