"Ауыл шаруашылығы, цифрлық даму министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне жыл соңына дейін агроөнеркәсіп кешені мен жер қатынастарын одан әрі цифрландыру жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Байланыс қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасына аса назар аудару қажет. Себебі онсыз заманауи цифрлық технологияны пайдалану мүмкін емес", – деді үкімет басшысы.
Асқар Маминнің мәлімдеуінше, елімізде жерді ғарыштан бақылауға қатысты қанатқақты жоба жүзеге асырылып жатыр. Жоба келесі жылы жалғасып, елді 100% қамтуы керек.
"Цифрлық даму, ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер келесі жылы жер қатынастарын цифрландыру, жер учаскелерін есепке алу мен ресімдеу процесінің ашықтығын арттыру, жер учаскелеріне рұқсат құжаттарын беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту жұмысын аяқтасын!" – деді ол.
Қанат Махамбет