Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 350 млрд теңге бөлінді

705

Қазақстан халқының 42%-ы ауылда тұрады. 

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 350 млрд теңге бөлінді

Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау көлемі соңғы 3 жылда 
1,5 есе ұлғайды. Нәтижесінде бөлінген қаражат 350 млрд теңгеге жетті. Субсидияның 95%-дан астамын тікелей ауылдық жерлерде орналасқан агроөнеркәсіп кешені субъектілері алды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров парламенттік тыңдауда айтты. 

"Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялау барынша оңайлатылды және толық автоматтандырылды. Бұл субсидия беру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", – деді Сапархан Омаров. 

Министрдің мәлімдеуінше, ауылда 7,7 млн-нан астам адам тұрады. Бұл – ел халқының жалпы санының 42%-ы. 

"Бұл – ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі болып табылатын агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін үлкен әлеует", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу