Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау ережесін қайта қарау қажет

679

Сенаттың жалпы отырысында депутат Андрей Лукин осылай деді.

Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау ережесін қайта қарау қажет

Сенатордың сөзінше, аграрлық салаға бөлінетін субсидия тиімсіз, мақсатсыз жұмсалып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Андрей Лукин жалған келісімшарт жасалатыны, өтірік мәлімет берілетіні
жасырын емес екенін жариялап, қазына қаржысы желге ұшып жатқанын жеткізді. 

"Жағдайды жақсарту үшін агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау ережесін қайта қарау қажет", – деді депутат. 

Оның сөзінше, соңғы 5 жылда жеңілдікпен берілетін несие мен субсидияға 2,9 трлн теңге бөлінген. Алайда субсидия беру механизмі жетілдірілмеген. 

"Бұл салада сыбайлас жемқорлық фактісі жиі тіркеледі. 2018-2020 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысты 144 қылмыстық іс тергелді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша 57 іс қозғалды. Ал субсидияны жымқыру бойынша 87 сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Салдарынан мемлекетке 2,1 млрд теңгеден астам шығын келді", – деді Андрей Лукин. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу