Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға өтінім беру басталды

555

Бүгін елде агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға өтінім беру басталды.

Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға өтінім беру басталды Фото: The Qazaq Times

Ол үшін gosagro.kz. біріңғай ақпараттық жүйесі іске қосылған. Алғашқы айда диқандар мен шаруаларға порталдың авторлары көмек көрсетіп, бағыт-бағдар береді. Ауыл шаруашылығы министрлігі платформа тегін қызмет көрсетуге дайын екендігін хабарлады. Алайда, мемлекеттік қолдау алуға ниеттілер өтінім бермек түгіл жеке кабинетке кірудің өзі мүмкін емес,-дейді. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға бірыңғай ақпараттық жүйе ашылатынын осыдан тура бір жыл бұрын хабарлады. Тегін платформа Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі шаруалар мен диқандардың деректерін бір жерге жинап, мемлекеттік қолдауға өтінім беру үшін қажет. Уәде еткендей госагро бүгін іске қосылды. Алайда, осы күнді асыға күткен кәсіпкерлердің үміті су сепкендей басылыпты. 

"Өтінім бермек түгіл жеке кабинетімізге кіре алмай отырмыз. Бұл жоба сәтсіз шыққан деп есептеймін. Норматив, жеткізушілер жоқ. Жер учаскесі жөнді көрсетілмейді. Ал Түркістан өңірінде жер мәселесі шешілмеген қаншама шаруалар бар. Бұл сервисті жақын арада жөнге келтірмесе, талай адам субсидиядан құр қала ма деп қорқамын", дейді кәсіпкер Болат Мырзақұлов.

Кәсіпкерлердің сөзінше, портал кей деректерді енгізу үшін өзге сайтқа кіруді қажет етеді. Осы сынды кемшіл тұстары көп. Және ол бүгін-ертең шешіле қоятын мәселеге ұқсамайды. Осыған дейін жұмыс істеп келген Қолдау кз порталын жабудың қажеті жоқ еді, онда бәрі ыңғайлы болғанын айтады,-шаршаған шаруалар. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі іске қосылмай жатып туындаған ақауларды былай түсіндірді. 

"Былтыр біз госагро сайтын қосамыз деп мәлімдеген кезімізде бұрынғы мекеме субсидия алуға өтінім қабылдауды тоқтататынын айтқан болатын. Әрине, сол себепті олардың барлық деректерін сұрағанбыз. Яғни, жаңа сайтқа енгізу қажет болатынбыз. Мәселе осында. Олар ақпаратты 31-желтоқсан күні кешкі сағат 6да жібереді. Яғни, толығымен сайт, портал жұмыс істеп, толығымен қызмет көрсету үшін бізге тағы да біраз уақыт керек. Дегенмен сервис жұмыс істеп тұр. Таңнан бері онда 40 мың қолданушы тіркеліп, өтінім беріл үлгеріпті. Министрлік шаруалардың шағымын естіп отырмыз", дейді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев.

Министрлік мемлекет мұндай қызметті тегін көрсете алатын болса, оған үшінші адамдарды араластырудың қандай қажеті бар,-деген пікірде. Айта кетерлігі жылдың соңында порталда кімнің қанша қаржы субсидия алып, қайда жұмсағаны туралы деректер жарияланады.

"Госагрокз сайтында толығымен күтілім парағы ретінде кезекпен беріледі. Яғни, бұның алдындағы болған платформадағы секілді мінекей жігіттер, әріптестер немесе фермерлер, ақша түсті, енді кім үлгереді, сол келеді немесе үлгермей қалғандар ақшасыз қалады деген нәрсе болмайды. Кез келген уақытта өтініміңізді бере аласыз да, сіздің күту парағыңыз әр шаруа қожалығына тіркеледі. Сол реттік нөмір бойынша ақша түскен кезде есеп шотына қаражаты бірден түсе қалады", дейді Д.Егізбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу