Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту бір жылда 40%-ға өскен

923

Сектордағы инвестицияның басым бөлігі кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен қамтамасыз етілген.

Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту бір жылда 40%-ға өскен

2021 жылғы қаңтар-тамызда ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 427 млрд теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 46,2%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Саладағы нақты көлемнің өсуі – 43,2%. Инвестицияның барлық көлемі өсімдік пен мал шаруашылығына бағытталған: 99,4% немесе 424,4 млрд теңге. Оның ішінде 278,1 млрд теңге – бір немесе екі жылдық дақылдарды өсіруге, 98,2 млрд теңге – мал шаруашылығына, 38,9 млрд теңге – аралас ауыл шаруашылығына, 7,8 млрд теңге – көпжылдық дақылдарды өсіруге, 1,4 млрд теңге – ауылшаруашылығы дақылдарын және мал өсіру, өнімдерді өңдеу бойынша қызметке ықпал ететін салаға бөлінген.

Салымдардың қалған көлемі балық аулау (2,5 млрд теңге), орман шаруашылығы мен ағаш дайындау (барлығы 77,3 млн теңге) үлесінде.

2020 жылғы 8 айда АӨК-ге 292 млрд теңге немесе бір жылда плюс 10,7% инвестиция құйылған.

Сектордағы инвестицияның басым бөлігі кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен қамтамасыз етілген: 291,9 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,8%-ға артық. АӨК жалпы инвестициялық қоржынындағы банктен алынбаған қарыз – 116,6 млрд теңге, бір жылда плюс 76,3%.

Банктік кредиттер есебінен 18,5 млрд теңге инвестиция салынған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,1%-ға аз. Секторда бюджет қаражатынан тікелей күрделі инвестиция тарту байқалмаған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу