Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту бойынша көшбасшы өңірлер аталды

Қаржыландырудың негізгі көзі — кәсіпорындардың меншікті қаражаты. 

Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту бойынша көшбасшы өңірлер аталды Фото: inbusiness.kz

Агроөнеркәсіп кешеніне салынған күрделі салымдар 981 миллиард теңгеге жетті, оның жартысынан көбі Қазақстанның төрт өңірінде ғана тіркелді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Finprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 981 миллиард теңгені құрады. Сектордағы инвестициялар көлемінің жартысынан көбі төрт өңірге — Солтүстік Қазақстан (175,7 миллиард теңге), Павлодар (153,6 7 миллиард теңге), Түркістан (110,2 7 миллиард теңге) және Қостанай (102,4 7 миллиард теңге) облыстарына тиесілі болды.

Айта кету керек, агроөнеркәсіп кешенін қаржыландырудың негізгі көзі — кәсіпорындардың меншікті қаражаты. Оның қаражаты 710,8 миллиард теңге екені атап өтілді.

Сондай-ақ, сектордағы инвестициялардың барлық көлемі өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, аңшылық және қызмет көрсету салаларына тиесілі. Оның жалпы салымы – 954,1 миллиард теңге. Соның ішінде, балық аулау және балық өсіруге 22,3 миллиард теңге инвестиция бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу