Агроөнеркәсіпке ең көп инвестиция тартқан өңір – Ақмола облысы

979

Қазақстанда агроөнеркәсіп саласына салынған капиталды инвестиция бір жылда бір жарым есе өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап. 

Агроөнеркәсіпке ең көп инвестиция тартқан өңір – Ақмола облысы

Салаға салынған капиталды салымның 40 пайызы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі. Алайда елде биыл егін шығымы жылдағыдай болмайтыны болжанып отыр.

"2021 жылдың қаңтар–шілде айларының аралығында ауыл, орман және балық шаруашылығы секторындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 386,1 млрд теңгені құрады. Бұл — бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда құн жағынан 47,8% артық. Нақты көлемнің нақты өсімі 45,5% жетті. Сектордағы инвестициялардың басым бөлігі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиесілі: 383,9 млрд теңге – бір жыл бұрынғыға қарағанда 47,4% көп. Оның ішінде 251,3 млрд теңге бір немесе екіжылдық дақылдарды өсіруге, 88,4 млрд теңге мал шаруашылығына, 35,3 млрд теңге аралас ауыл шаруашылығына, 7,8 млрд теңге көпжылдық дақылдарды өсіруге салынған", - делінген хабарламада.

Балық шаруашылығы секторындағы негізгі инвестициялар биыл 2,2 млрд теңгені, орман шаруашылығы және ағаш дайындау саласында 77,3 млн теңгені құрады Өңірлерді бөліп қарағанда салымдардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі болды: 91,9 млрд теңге. СҚО-ға салынған инвестиция – бір жыл бұрынғыға қарағанда 48,6% артық. Екінші орында Ақмола облыс тұр: 60,2 млрд теңге. Бұл өңірге салынған инвестиция бір жылда екі есе өсті. Көшбасшы өңірлердің үштігін Павлодар облысы (47 млрд теңге, +95,3%) түйіндейді.

"Жеті ай ішінде сектордағы инвестициялар салымы бес өңірде қысқарды. Ел бойынша барлық инвестициялардың үштен екісінен астамы сектор кәсіпорындарының өз қаражатын қамтамасыз етеді: 265,1 млрд теңге. Тағы 103,7 млрд теңге банктік емес қарыз қаражатына тиесілі", - делінген зерттеуде.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу