Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырылу қалай жүріп жатыр?

246

АШМ-да төрт ақпараттық жүйе іске қосылған.

Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырылу қалай жүріп жатыр? Фото: terrapoint.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырылу қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, бүгінде ведомствода субсидиялау мемлекеттік ақпараттық жүйесі, "Ауыл аманаты" халықты кредиттеу ақпараттық жүйесі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесі, АӨК салаларын басқарудың "e-Agriculture" бірыңғай автоматтандырылған жүйесі қосылған.

"Біз екі жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Оның бірі – Өсімдік шаруашылығын қадағалану ақпараттық жүйесі. Осы жылдың аяғына дейін пилоттық режимде іске қосылып, енді жылдың соңына дейін бүкіл еліміз бойынша кең тарайтын болады", - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Бұдан бөлек агроөнеркәсіптік кешен экожүйесінің бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу жоспарда бар. 

"Қазіргі заманда цифрлық технологиялар елдер экономикасының дамуында барған сайын маңызды рөл атқарып келеді. IT-құралдарын енгізу ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығын цифрландырудың арқасында еліміздің өндіріс көлемін ұлғайтуға, экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай жасалады", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу