Агротехникалық колледждер заманауи техникамен қамтамасыз етіледі

921

Колледждердің кәсіпкерлік қызметінің арқасында бюджетке салмақ азаяды. 

 Агротехникалық колледждер заманауи техникамен қамтамасыз етіледі

Қарағанды облысының агротехникалық колледждері заманауи техникалармен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

2018 жылы Қарағанды облысының екі агротехникалық колледжіне заманауи ауыл шаруашылығы техникасын алу үшін қаражат бөлінеді. Бұл туралы білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиев, педагогтардың тамыз мәслихатында мәлімдеді. 

"Биыл Бұқар жырау және Жаңаарқа аудандарында жаңа жобаларды жүзеге асыруға кірістік. Яғни "Мектеп – интернат – колледж" кешені ашылады. Бұл мектептер мен колледждердің кадрлық, материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік, ресурстарын біріктіруге мүмкіндік береді", - деді Есенғазы Иманғалиев. 
Бұл ғимаратты ұстауға және басқарау аппаратының ақысына бөлінетін бюджет қаржысын да үнемдейді. 
"Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мамандықтарына оқу мәртебесін арттыру мақсатында Ақтоғай және Ұлытау аудандарының агротехникалық колледждеріне жем-шөп даярлап, егін егіп, көкөніс отырғызу үшін заманауи ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға 250 млн теңгеден астам қаражат бөлуді жоспарлап отырмыз, - дейді Есенғазы Иманғалиев. – Өсірген өнімдерін сату, техниканы жалға беру колледждерге қосымша жеке қаражаттың арқасында жыл бойы баламалы қуат көздерінен энергия алатын жылыжайлар орнатуға, "жасыл технологияларды" енгізуге, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға жол ашады". 
Колледждердің кәсіпкерлік қызметінің арқасында бюджетке салмақ азаяды. Студенттік бизнес-инкубаторлар құру көзделген. Дуалды білім беру жүйесі дамытылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу