Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бағдарламасы қайта іске қосылады

1199

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бағдарламасы қайта іске қосылады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бағдарламасы қайта іске қосылатын болады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Ақтөбеде агроөнеркәсіп кешеніне арналған жиын барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысына екі күндік жұмыс сапарымен келген Өмірзақ Шөкеев кеше тауарлы сүт фермасы мен жылыжайға барды. Ал бүгін ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып жүрген шаруалармен кездесті. Еліміздің әр өңірінен келген шаруалар саланы дамыту үшін субсидия бөлу, мамандарды дайындау ұсыныстарын жеткізді.

"Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру алдымен техникаға тәуелді. Техниканы жаңарту динамикасына қарасақ, соңғы жылы өсім бәсеңдеген. Қазіргі кезде жаңарту 2 пайызға төмендеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бағдарламасын қайта қалпына келтіріп, пайыздық үстемеақыны субсидиялау, лизинг беру, инвестициялық субсидия секілді қолдауларды қайта қалпына келтіреміз. Осы мақсатта ішкі резервтер табылады",- деді министрі Өмірзақ Шөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу