Ағылшын қаржы баспасының таңдауы бойынша Forte Bank үздік деп танылды

1033

Ағылшын қаржы баспасының таңдауы бойынша Forte Bank үздік деп танылды

The Banker ағылшын қаржы баспасы Қазақстанның 2017 жылғы ең үздік банкін таңдады. Жиынтық активтер мөлшері бойынша еліміздегі ірі банктердің бестігіне кіретін Forte Bank Bank of the Year in Kazakhstan номинациясының жеңімпазы  атанды. Сыйлықты табыс ету салтанаты 2017 жылдың 29 қарашасы күні өтті, деп хабарлайды abctv.kz .
"Әлсіз экономикалық жағдайға қарамастан, Forte Bank 2016 жылы өзінің табысын 7,4 млрд теңгеден 11 млрд теңгеге дейін арттырған және активтер мен капитал деңгейін 172 млрд теңгеге дейін ұлғайтқан", – деп мәлімдеді The Banker.  
The Banker сарапшылары нарықтық позицияларды күшейту, негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуі, сондай-ақ бизнестің жаңа бағыттары мен IT-технологияларды дамыту – Forte Bank-ті жеңімпаз деп тануға негіз болды деп атап көрсетті.

Forte Bank басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Гурам Андроникашвили жеңіс жайын сөз ете отырып, бүгінгі күні Forte Bank Қазақстанда өз капиталының мөлшері бойынша үшінші банк екенін, сондай-ақ капиталдандыру мен өтімділіктің барлық реттеу нормативтері бойынша елімізде көшбасшылар тізіміне кіретінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу