Ағылшын соты Болат Өтемұратовтың активтерінен шектеуді алып тастады

817

Ағылшын соты миллиардер Болат Өтемұратовтың активтеріне қойған шектеуді алып тастады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ағылшын соты Болат Өтемұратовтың активтерінен шектеуді алып тастады

Бұл туралы "Верный Капитал" компаниялар тобының баспасөз қызметі хабарлайды. Бұған дейін Өтемұратовты Әблязов пен оның сыбайластарына ақша жымқыруға көмектесті деп айыптап, британ сотына арыз түсірген "БТА" банкі талап арызын қайтып алды. Бұған қаржы ұйымы мен олигархтың өкілдері жасасқан құпия келісім негіз болған. Оған сәйкес Өтемұратовтың заңгерлері оның аты шулы іске еш қатысы жоқтығын дәлелдейтін құжаттарды ұсынған. Осылайша, бизнесменнің жалпы құны 5 млрд долларды құрайтын активтері бұғаттан босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу