Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер ЖОО-да ғана даярланады

972

Келесі жылдан бастап мұғалімдердің ағылшын тілі бойынша кәсіби біліктілігін арттыруға арналған қаржы басқа мақсаттарға жұмсалады.

Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер ЖОО-да ғана даярланады

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектеп мұғалімдерін ағылшын тіліне үйретуге қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Негізі, ағылшын тілі бойынша үш айлық курстарға қатысқан мектеп мұғалімдері тағы алты айлық курстан өткен болатын. Дегенмен, біз аталған мәселені қайта қарастырып шықтық. Келесі жылдан бастап мұғалімдердің ағылшын тілі бойынша кәсіби біліктілігін арттыруға арналған қаржыны, шамамен 4 миллиард теңгені басқа мақсаттарға жұмсайтын боламыз. Ал ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер тек жоғары оқу орындар арқылы ғана даярланады. Иә, мектепте тәжірибесі бар мұғалім бар, ертең жоғары оқу орнынан келетін жас мамандар бар. Сол себепті біз қазіргі мұғалімлерді арнайы курстарға жіберген болатынбыз", – деді Күләш Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Министрдің айтуынша, xимия, физика, биология мен информатикадан сабақ беретін 14 мың мұғалімді ағылшын тілі курстарынан өткізу жоспарланған болатын. Осы уақытқа дейін 11 мың мұғалім өз курстарын аяқтады.

"Енді, біз 2019 жылы басталған курстарды тоқтата алмаймыз. Ол дайындық жалғасып жатыр. Осыдан кейін осы саладағы мамандарды тек жоғары оқу орындары арқылы ғана даярлаймыз", – деп атап көрсетті Күләш Шәмшидинова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу