Ағылшындар электромобиль әлемінде революция жасауы мүмкін

1135

300 аттың күшін беретін Ampere электрлі моторының салмағы 10-ақ келі. 

Ағылшындар электромобиль әлемінде революция жасауы мүмкін

Инжинирингтік Equipmake пен 3D басып шығаруға маманданған Hieta компаниясының бірігуі керемет дүние жасауға негіз болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Ampere деп аталатын он келілік күштік құрылым 295 аттың күшін беруге тиіс. Бұл заманауи қозғалтқыштар арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Мотор құрылымындағы металл мөлшерін азайту осындай сипаттамаларды (әзірше қағаз жүзінде) қамтамасыз етуге сеп болды. Ал материалдардың жоғарғы термотиімділігі қозғалтқыштағы айналмалы бөліктерді қызып кетуден сақтайды.

Әзірлеу жұмысы инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған Innovate UK мемлекеттік бағдарламасы арқылы қаржыландырылады. Ampere-нің алғашқы прототипі таяу жылдары жарық көреді.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу