Ағын судың жоқтығынан диқандар қамбасы бос қалды

911

Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Балықты ауылы диқандарының қамбасы бос қалды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ағын судың жоқтығынан диқандар қамбасы бос қалды

Ауылға ағын су жетпей, еккен егін мен төккен тер текке кетті. Жағдайдың ушығуына су арналарындағы жөндеу жұмыстары себеп.

Құрылысты жүргізуге міндеттелген мердігер "жөндеймін" деген желеумен қос бірдей каналды бөгеп, егіс алқаптарына су жібермей қойған.

Сорақысы сол, шаруалар келер жылы да жер сипап қаламыз ба деп үрейленіп отыр. Өйткені кәсіпкер жұмысты жарты жолдан тастап кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу